Ұлы Жеңістің 80 жылдығы…

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында бабалар ерлігін өскелең ұрпаққа насихаттау,қарттарға қамқор болуға тәрбиелеу мақсатында 10 А , 10 кадет оқушылары тыл ардагері Шулкаева Гулмаржан Салаватқызын құттықтап барды.

Әже 1935 жылы Орал қаласында дүниеге келген. Ақтөбе облысы Темір ауданы Шубарши орта мектебінде математика пәнінен сабақ берген. 35 жыл еңбек еткен.Қазіргі таңда 90 жаста. Әжеміздің 9 немересі, 12 шөбересі бар.