Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы «М.Дулатұлы атындағы №63 ЖББОМЛ» КММ білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №96 бірлескен бұйрығы 3-тарау «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату тәртібі» негізінде Педагогінің бос және (немесе) уақытша бос лауазымына тағайындау конкурсын жариялайды.
Мектептегі бос лауазымдар:
1.Бастауыш сынып, 2 бірлік (уақытша, бастауышта орташа ақыл ой кемістігі бар білім алушыға сабақ беретін арнайы педагог)
2. Музыка 20 сағат (тұрақты орын)
Мектептегі педагогтың бос лауазымы туралы ақпаратты hr-nobd.edu.kz , жұмыспен қамту орталығының «enbek.kz» сайтынан, мектептің https://63shkola.ai.kz/ сайты, инстаграмм парақшасында «63zhbboml» жарияланады.
Конкурсқа қатысу құжаттары хабарландыру жарияланған күннен кейін, 7 жұмыс күні ішінде жүргізіледі (02 қыркүйектен 11 қыркүйекке дейін).
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды https: // hr-nobd.edu.kz/ порталы арқылы электронды түрде жолдайды.
Қажетті құжаттар тізбесі:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) “Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS – айелтс) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;
11) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.
Мекеме атауы: «М.Дулатұлы атындағы №63 ЖББОМЛ» КММ
Білім беру ұйымының орналасқан жері: Ақтөбе қаласы, Алтын орда ауданы. О.Тәтеұлы 3Б құрылыс. Электронды пошта mektep.mirzhakip63@yandex.kz,байланыс телефоны 8(7132) 45-36-90