Айзакова Алима Жолмуратовна

Айзакова Алима Жолмуратовна 1972 жылы Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданында дүниеге келген. 1993 жылы Ақтөбе педагогика институтының филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша білім алды. 2014 жылы С.Бәйішев атындағы университетінің «Филология» мамандығы бойынша магистратура оқып «Гуманитарлық ғылым магистрі» академиялық дәрежесін алды. 1993-1995 ж Ақтөбе педагогика университетінің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасында оқытушы болып қызмет атқарды.1995 -2018 ж аралығында үзіліссіз Ақтөбе политехникалық колледжінде оқытушы, күндізгі оқу бөлімінің әдіскері, сырттай оқу бөлімінің әдіскері, күндізгі оқу бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды.
2018-2025 ж арасында Ақтөбе қаласы №34 қазақ орта мектебінің директоры, 2025 жылы Ақтөбе қаласы білім бөлімінің №334 бұйрығына сәйкес 2025 жылдың 20 тамыз күнінен бастап ротация тәртібімен «М.Дулатұлы атындағы №63 жалпы білім беретін орта мектеп-лицейі» КММ директоры қызметіне тағайындалды.
Соңғы аттестациялаудан «Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ 02.09.2024 ж №430 бұйрығымен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі лауазымы бойынша «педагог-зерттеуші» біліктіліксанаты берілген.Директорлық лауазымы бойынша АОББ 04.09.2025ж№399 бұйрық «Бірінші санатты басшы»біліктілік санаты тағайындалды.
Айзакова Алима Жолмуратовна – өзінің педагогикалық еңбек жолында елеулі жетістіктерге жетіп, еңбегі еленіп, қалалық,облыстық, республикалық марапаттарға ие болды.Техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы бірнеше жылғы үздіксіз қызметі ескеріліп, «Техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы Үздік оқытушы»атағы берілді. «Білім беру саласының үздігі»төсбелгілерімен марапатталды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің Құрмет грамотасымен және
Алғыс хатымен марапатталды.