Қайырлы күн! Мен Усмангалиева Аружан 8 “А” класс оқушысы “Отбасы құндылықтары” челленджін 9 кадет класс оқушысы Сарыбаева Айымнан қабылдадым.
Менің отбасымдағы маңызды құндылықтардың бірі – дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды құрметтеу. Біз ата-бабамыздан қалған салт-дәстүрлерді сақтап, мерекелерді бірге атап өтеміз. Әр мейрамда ұлттық тағамдар әзірлеп, үлкендерден бата аламыз. Бұл бізді рухани байытып, ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтады. Отбасымызда үлкендерге құрмет көрсету, олардың ақыл-кеңесін тыңдау – басты қағида.
Отбасы құндылықтары туралы айта отыра, әрі қарай бұл челленджді 10 кадет класс оқушысы Болат Махаббатқа жолдаймын.
