Кітапхана

2024 – 2025 оқу жылы бойынша  мектеп кітапханасының   жұмысының  есебі

Қазіргі таңда жан-жақты білім мен тәрбие берер мәдени орындардың бірі– мектеп кітапханасы. Егемен еліміздің ертеңі болар жас ұрпақтың білімін  кеңейтіп, біліктілігін арттыруда мектеп кітапханасының да рухани қазына екені рас. Бүгінгі таңда ақпараттық технологиялар заманында педагогикалық кызметінің саласында мектеп кітапханасы маңызды рөл атқарады.

Биылғы оқу жылындағы кітапхан жұмысының мақсаттары мен міндеттері:

Оқушыларға және ұстаздарға кітапханалық және ақпараттық-библиографиялық қызметті көрсету жолымен оқу-тәрбие үрдісін және өздігінен білім алуды қамтамасыз ету.

  • Мектепте оқу-тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес мектеп кітапханасының жұмысын құру;
  • Оқырмандарды кітапты және басқа да ақпарат тасуыштарын пайдалануға, ақпаратты іздеу, іріктеу және бағалау қабілеттеріне үйрету;
  • Дәстүрлі кітапханалық технологияларды жетілдіру және жаңа кітапханалық технологияларды игеру;
  • Білім беру бағдарламаларына сәйкес кітапханалық қорды қалыптастыру;
  • Кітапханалық-ақпараттық қызметтердің топтамасын кеңейту;
  • Библиографиялық анықтамаларды беру, оқушылар мен мұғалімдер үшін әдебиет тізімдерін құру;
  • Жаңа оқу және әдістемелік әдебиеттің түсуіне қарай педагогикалық кеңестерде,  әдістемелік бірлестіктерде сөз сөйлеу.

                                     Кітапханаға жалпы сипаттама

  • Кітапхана бірінші қабатта орналасқан.
  • Кітапхананың жалпы  көлемі 120,3  шаршы метр2.
  • Кітапхана кітапханашының жұмыс орнынан басқа, оқырмандарға арналған  абонемент, оқу залы, интернет қосылған компьютермен жабдықталған.
  • Оқулықтар қорын сақтайтын кітап қоймасы бар.
  • Кітапханамен шектес оқу залында 12 көрме сөрелерінде маңызды ақпараттық оқиғалар туралы мәлімет табуға болады.
  • Жарықтандыру санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес.
  • Кітапхана жұмысын 2 адам атқарады.
  • Безендірілген тақырыптық көрмелер, керекті энциклопедиялар, анықтамалар, ғылыми- әйгілік, әдістемелік, көркем әдебиет, периодикалық баспалармен жабдықталған.
  • Қазіргі таңда мектеп кітапханасының қорында:
    Жалпы Кітап қоры:  30178  
    Негізгі қор:  1128
    Оқулық:  29050
  • Биылғы келіп түскен оқулықтар саны-1713 дана
  • «Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында алынған әдебиеттер-131 дана

Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес мектеп оқушылары жергілікті  бюджеттен ақша бөліну арқылы  жыл сайын кезең-кезеңмен сатып алу жолымен тегін оқулықтармен 100 пайыз қамтамасыз етіліп келеді.  2024-2025  оқу жылында « Е-таңдау»  порталы арқылы 3 класс  оқулықтарына таңдау жасалынды.3 класс пән мұғалімдеріне отырыс өткізіліп, оқулықтарды таңдау керектігі түсіндірілді.Еңбекке баулу,бейнелеу өнері,цифрлық сауаттылық /флешка/,руский язык, ағылшын тілі оқулықтары  «Е-таңдау» порталы арқылы алынды.

Желтоқсан айында мектеп мұғалімдерін  мерзімді басылымдарға  жазылу науқаны жүрді. Газеттер: «Егемен Қазақстан» – 1,  «Ақтөбе» – 2, «Білімді ел» – 1, «Ұстаз әлемі» – 1, «Үш таған» – 1;  «Ұстаз»-1

Мектеп кітапханасы оқу процесін әдебиетпен және ақпаратпен  қамтамасыз ететін білім беру ұйымындарының маңызды құрылымдық бөлімшесі, сондай –ақ білімді, рухани және интеллектуалды қатынасты, мәдениеттті тарту орталығы болып табылады. Мектеп кітапханасында 1-4 сынып оқушылары барлығы кітапхана оқырмандары болып саналады.        Бұл оқырмандарымыз балаларға арналған әдеби кітаптарды көп оқиды, соның ішінде  ертегілерді қызығып оқиды, оқыған кітаптары туралы ой бөліседі. Кітапхананың әрбір кітабын оқырманға насихаттауда кітап көрмесінің маңызы зор.

Мектеп кітапханасында өткен мәдени іс-шаралар:         

Балалардың  кішкентай кезінен кітапқа деген сүйіспеншілігін, оқуға деген ынтасын арттыру біздіңміндетіміз.
   1-4 сынып оқушылары барлығы кітапхана оқырмандары болып саналады .Бұл оқырмандарымыз балаларға арналған әдеби кітаптарды көп оқиды, соның ішінде  ертегілерді қызығып оқиды, оқыған кітаптары туралы ой бөліседі. 5-8 сынып оқырмандары тарихи, хайуандар,спорт туралы кітаптарға сұраныс көп алады, әдеби кітаптарды оқиды, энциклопедиялар, сөздіктер пайдаланады.9-11 сынып  оқырмандары көбінесе сөздіктер, энциклопедиялар, электрондық оқулықтар пайдаланып оқиды.Кітапханада көптеген кітап көрмелері, дөңгелек үстел, рухани әңгімелер  өткізілді.
Кітапхананың әрбір кітабын оқырманға насихаттауда кітап көрмесінің маңызы зор.

2024 жылдың 11 қыркүйек күні мектеп кітапханасында  «Отбасы –бақыт мекені» тақырыбында көрме өткізілді. Отбасы құндылығын  жеткізу мақсатында  өткен кітап көрмесінде оқушылар отбасы туралы ой бөлісті , көркем әдебиеттерден  Ана, Әке туралы өлеңдер оқыды.                   

2024 жылдың 29 тамыз күні мектеп кітапханасында  «Ата Заңым-айбыным» тақырыбында шара өткізілді.

Мақсаты:Білім алушыларға Ата заңымыз,адам құқықтары туралы түсінік  беру.

Шарада 3б сынып оқушысы Итжемес Айзере, Жанболат Жазира, 4ә сынып оқушысы Ғалел Нұрханым ата заңымызға арналған өлеңдерін оқыды.

2024 жылдың 09 қыркүйек күні мектеп кітапханасында Білім алушыларға жаңа әдебиеттерді таныстыру, насихаттау, кітап оқу мәдениетіне тәрбиелеу мақсатында жаңа кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.

2024 жылдың 6 қазан күні     оқушылардың үзіліс кезінде «Б.Соқпақбаев балалар  әдебиетінің атасы» атты  Б.Соқпақбаев 100 жылдығына орай «Менің атым Қожа « повесінен 20 минут  оқып, 3 минут эссе жазатын кітап оқу акциясы 6 «б» сынып  оқушылары арасында  ұйымдастырылды.

Мақсаты:Қазақ балалар жазушысы Б.Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып,кітап оқуға деген қызығушылығын дамыту.

Шараға әр оқырман өте белсенді қатысты. Әр күні әр түрлі тақырыптағы шығармаларды оқуға асығып тұратындықтарын байқатты.

27 қыркүйек «Оқулықты құрметте» тақырыбымен мектеп оқулықтарының ұсталуы бойынша рейд өткізілді.

Рейдтің мақсаты – балаларды кітапханалық оқулықтармен дұрыс және ұқыпты қарауға үйрету.

Тексеру 1-11 сыныптар аралығында өткізілді. Сабақта оқулықтардың болуы, мұқабаның болуы, сондай-ақ оқулықтардың сыртқы түрі тексерілді. Комиссия  мүшелерімен мен кітапханашы  қатысты7

Тексеру нәтижесінде келесі қорытындылар жасалды:Оқушылардың көпшілігі оқулықтарды жақсы жағдайда ұстайды, оларды мектеп кестесіне сәйкес алып жүреді және тамыз айында оқулықтарды алған кезде барлық оқушылар танысқан оқулықты пайдалану ережелеріне сәйкес оның санитарлық жағдайын қадағалайды. Оқулықтары мұқабасы жоқ немесе ұсақ жөндеуді қажет ететін оқушылармен рейд барысында сыныптарда “мектеп оқулығына ұқыпты қарау туралы“, “оқулықты сақта”, “оқулықты ұзақ ұстау ” топтық және жеке әңгімелер өткізілді. Бұл негізі орта сыныптарға арналады. Бастауыш және жоғары сынып оқушыларында оқулықтар жақсы жағдайда.

Республика күні  мерекесіне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес «Балалар кітапханасы» жобасы аясында мектебімізде «Республикам мақтанышым» атты кітап көрмесі  таныстырылды.

Көрменің мақсаты: Тәуелсіздік  құндылығын түсіндіру,туған жерін,салт- дәстүрін  ардақтап өтуге уйрету,отансүйгіштік сезімін қалыптастыру.

«Оқуға құштар мектеп»  жэне Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Жаңа кітап жаңа әлем»-атты оқырман конференциясы   ұйымдастырылды.

Мақсаты: білім алушыларды кітап  оқуға шақыру, оқығандарын дұрыс  бағалай алуға,өмірде,оқуда кітаптың маңызды екенін  ұғындыру.

Алдымен жаңадан келген кітаптар көрмесіне библиографиялық шолу жасалып, оқырмандар оқыған кітаптарының мазмұнын айтып,ой бөлісті.

26 қараша күні  Қазақтың аса көрнекті ағартушысы,ақын жазушы  М Дулатұлының   өмірі мен  шығармалаларына арналған оқырмандар «Ұлтын  оятқан қаламгер» тақырыбында конференциясы өткізілді.

Мақсаты: Оқушыларға ақын өмірі мен шығармашылығын  насихаттау, шығармаларын  оқуға,ізденуіне бағыттау.

Конференция барысында  мектебіміздің  тарих және өлкетану үйірмесінің  оқушылары «Оян қазақ», «Жаңа тілек», «Таза бұлақ»,»Шешенің балаларын сүюі» атты ақын  өлеңдерін жатқа айтып  берсе,9 класс оқушысы А.Сарбаева,10 кл. оқушысы М.Болат өмірі мен шығармалары туралы баяндама оқыды.Оқушылар арасында  жүргізілген  М.Дулатұлының нақыл сөздерінен сауалнама  бейнеролигі ұсынылды. Өткен тарихымыздан сыр шертетін қазақ ақыны М. Дулатұлының  өміріне қатысты    деректермен зейнеткер ұстаз, Венера Бакова   оқушыларға сұрақтар  қойып,ынталандыру сыйлықтарын ұсынды . №1 Абай атындағы  қалалық  кітапхана қызметкері А.Баймуханова «Алаштың сөнбес жұлдызы» атты кітап көрмесімен таныстырды. Біз үшін  ақын шығармалары,енбектері  атқарған қызметтері үлгі болатындай дүниелер,сондықтан жастарымыз ақын шығармаларын оқи отырып , болашаққа деген  сенімін нығайта  түседі  деген  сенімдеміз.

«Балалар кітапханасы» жобасы аясында  Тәуелсіздік күніне орай  «Тәуелсіз елім» атты кітап көрмесі жасақталды.

Мақсаты: ҚР Тәуелсіздігі күні қарсаңында оқушылардың білім деңгейін анықтау,оқуға деген ынтасын арттыру.

Көрмеге еліміздің 1991-2020 жылдардағы жеткен жетістіктері, тарихы,  »Мәңгілік ел» т.б. кітаптар қойылып шолу жасалды. 4 в класс оқушылары мәнерлеп өлең оқып,ынталандыру сыйлығымен марапатталды.

«Балалар кітапханасы» жобасы аясында »Өнегелі 15 минут» шарасы  бойынша «Наурыз-берекем, Наурыз- мерекем «атты  кітап көрмесіне ақпараттық сағаты өткізілгені  туралы 

 Анықтама.

Мақсаты: Білім алушыларға қазақтың салт-дәстүрін дәріптеу.Кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру.

 Мектеп кітапханасында 22 Наурыз-Ұлыстың ұлы күніне орай  «Наурыз берекем,наурыз -мерекем»  атты кітап көрмесі  ұйымдастырылып оқырмандарға  ұсынылды.Арнайы шараға 3-4 сынып оқушылары  қатынасты.

Кітапханашы  балаларға арналған Ұлттық  ойындар, ұлттық тағамдар   сал-дәстүрлер туралы кітаптарға таныстырылым жасап  өтті             

«Көктемгі каникул кезіндегі кітап оқу»  тақырыбында оқушылар оқыған      кітаптар туралы

                                    Анықтама.

Мақсаты: Білім алушылардың  уақытын тиімді өткізу,оқуға  қызығушылықтарын арттыру.

Мектеп  кітапханасының ұйымдастыруымен «Көктемгі каникул» аясында  1-11 сыныптар арасында  отбасылық кітап оқу челленджі  жүргізілді.

1,2,3,5,6 сынып оқушылары  қатысып Қазақ ертегілерін, А.Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба», »Сегіз аяқ»,  7-ші қарасөзін,М.Мақатаевтың «Бүгін менің туған күнім»,   «Кенесары» атты кітаптарын , өлеңдерін  оқып шықты.

        «Өнегелі 15 минут» іс-шарасы  бойынша  М.Мақатаев 9 ақпан 1931ж.

 «Мұқағали мәңгілік  жыр»  өлеңдерін мәнерлеп оқу туралы

                          Анықтама.

Мақсаты; Ақиық ақынның өмірінен мағлүмат беру,өлеңдерін мәнерлеп оқу. М.Мақатаев поэзиясының  халыққа кең таралуына  жэне оның шығармаларының сыры неде екенін таныту,ақын өлеңдерін  оқи   отырып,адамгершілікке,шындықты айта білуге ,адалдыққа тәрбиелеу.

Мектеп кітапханашысы  Бакиева.Ж.ақиық ақын М.Макатаевтың  мол мұрасын  насихаттау   мақсатымен 6-7 ақпан 2025 ж. «Өнегелі 15 минут» іс шарасы  бойынша поэзия минуттарын  өткізді Іс шара барысы  онлайн жүйесі үлгісінде, бейнебаян жасау түрінде өткізіп,  мектеп инстаграмм парақшасына салынды.

Ұлттық кітап күніне орай Абай саябағында «Кітап ғасыр мұрасы»  атты кітап көрмесі  туралы

                                 Анықтама.

23 .04.025 ж.

Қатысушылар: 5ә кл.оқушылар

Мақсаты:  Жас ұрпақты кітап оқуға баулу,  кітапқа  деген қызығушылықты арттыру.

23 сәуір Ұлттық кітап күніне орай   және  ұлы ақын Абайдың 180 жылдығы қарсаңында Абай саябағында «Кітап ғасыр мұрасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.Аталған шарада  білім алушылар   Абай өлеңдерін жатқа оқып,викториналық сұрақтарға жауап берді.Кітап сүйер қауымның  білімін шыңдап,сыйлықтар ұсынылды. Сонымен қатар мектебіміздің 7 ә сынып оқушысы Қарағұл Сұлтан Серікбай Қайдосовтың «Кітапхана қазыналар қоймасы» атты  өлеңін  жырмен орындап,көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Халық мұғалімі Құмаш Нұргалиевтың  100 жылдығына орай    «Халық ұстазы» атты танымдық сағаты туралы

                             Анықтама.

04.04.2025 ж

Қатысушылар: 4»в» кл. оқушылары.

Мақсаты: Халық мұғалімі Қ.Нұрғалиевтің өмірі мен енбек жолы туралы  таныстыру.

2025 жылдың  4 сәуір күні Халық мұғалімі Құмаш Нұрғалиевтың өмірі мен шығармашылығына  арналған танымдық сағаты өтті.Шара барысында  педагогтің  өмірбаяны ,еңбек жолы слайд арқылы таныстырылды. Оқушылар Қ.Нұрғалиев туралы жазылған  ақындар  өлеңдерін жатқа оқыды.

ҚР мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге байланысты бағытталған іс-шаралар жоспарына сәйкес «Рәміздерім мақтанышым» тақырыбында өткізілген бейнеролик

                                       Анықтамасы

11.04 2025ж.

Қатысушылар: 5»Б» сынып оқушылары.

Мақсаты:Елтаңба,Ту. Әнұран  туралы түсініктерін   нығайту, авторларымен таныстыру,отансүйгіштікке,адамгершілікке тәрбиелеу.

Тәрбиелік. Оқушыларға мемлекеттік  белгілердің  маңызды екенін,оның ерекше құрметпен мақтан тұту керектігін;ой-өрісін  кеңейту.Отанына  адал   қызмет етуге,елінің Туын,Елтаңбасын,Әнұранын қастерлеуге тәрбиелеу.2025 жылдың 11 сәуір күні   мектепкітапхансы«Рәміздемақтанышым»атбейнеролдайындалды.ОқушыЕранымыз туралы     қысқаша сипаттама  беріп,өлең жолдарын жатқа айтып бер

Сонымен қатар мектеп кітапханашылары оқырмандармен бірлесе отырып, көптеген көпшілік іс-шаралар өткіземіз. Ондағы мақсатымыз оқушыларды жан-жақты білім алуға, шығармашылық қабілетін дамыту. Жақсы кітап оқу жақсы адаммен сырласқанмен бірдей деп айтқандай, алдағы оқу жылында  оқырмандар саның көбейтіп, жас жеткіншектердің көзі ашық,көкірегі ояу,заманның ұлы тұлғасы болуына жеткізу.

                                                                                                                         Бекітемін:

                                                                                                    №63ЖББОМЛ директоры:

                                                                                                     ————Д:К.Картпагамбетова

2024-2025    оқу жылындағы мектеп кітапханасының  жылдық есебі