Жаңалықтар

16.05.2025

Отбасы құндылықтары

Қайырлы күн! Мен Усмангалиева Аружан 8 “А” класс оқушысы “Отбасы құндылықтары” челленджін 9 кадет класс оқушысы Сарыбаева Айымнан қабылдадым.Менің отбасымдағы маңызды құндылықтардың бірі – дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды құрметтеу. Біз ата-бабамыздан қалған салт-дәстүрлерді сақтап, мерекелерді бірге атап өтеміз. Әр мейрамда ұлттық тағамдар әзірлеп, үлкендерден бата аламыз. Бұл бізді рухани байытып, ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтады. Отбасымызда үлкендерге […]


16.05.2025

Мен, Сарбаева Айым, 9-кадет сыныбының оқушысымын.

Қайырлы күн! Мен, Сарбаева Айым, 9-кадет сыныбының оқушысымын. Бүгін 15 мамыр – Халықаралық отбасы күнімен баршаңызды құттықтаймын! Отбасы туралы ойларымды бөлісіп, бұл челленджді жалғастырғым келеді. Отбасы – бұл махаббаттың, жылулықтың және сенімділіктің ұясы. Ол – бізді тәрбиелеп, өмірдің қиындықтарын жеңуге көмектесетін ең маңызды орта. Отбасым – менің тірегім, қолдауым, қуанышымның қайнар көзі. Бұл челленджді 8 […]


16.05.2025

Мектебімізде Ақтөбе қаласының полиция басқармасының учаскелік инспекторы Калиев Рамазан Қуанышбайұлымен кездесу өтті.

Мектебімізде Ақтөбе қаласының полиция басқармасының учаскелік инспекторы Калиев Рамазан Қуанышбайұлымен кездесу өтті. Кездесу барысында 9-11 класс оқушыларына нашақорлықтың зияны, оның алдын алу жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.


16.05.2025

Ағымдағы жылдың 12-мамыр күні Республикалық репродуктивті денсаулық апталығы…

Ағымдағы жылдың 12-мамыр күні Республикалық репродуктивті денсаулық апталығы аясындв мектебіміздің 8-9-сынып оқушылары арасында ТТИК поликлиникасының бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары дәрігер Жетенова А.А., гинеколог Музеева А.Б., мектеп дәрігері Мусина А.Н., эпидемиолог Әбдіраимова М.Қ. қатысуымен “Жастардың Репродуктивті денсаулығы және ЖЖБИ-ге қарсы тұру” тақырыбында семинар өткізіліп, оқушылардың түрлі сұрақтарына жауап берілді.


16.05.2025

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы…

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында бабалар ерлігін өскелең ұрпаққа насихаттау,қарттарға қамқор болуға тәрбиелеу мақсатында 10 А , 10 кадет оқушылары тыл ардагері Шулкаева Гулмаржан Салаватқызын құттықтап барды. Әже 1935 жылы Орал қаласында дүниеге келген. Ақтөбе облысы Темір ауданы Шубарши орта мектебінде математика пәнінен сабақ берген. 35 жыл еңбек еткен.Қазіргі таңда 90 жаста. Әжеміздің 9 немересі, […]